RU
"Сұлулық" байқауының жеңімпазы атанған арудың өлі денесі табылды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

"Сұлулық" байқауының жеңімпазы атанған арудың өлі денесі табылды (фото)

Рассказать Вконтакте

Ұлыбританияның Медберн қаласынан "Ұлыбритания аруы" атанған ағылшын моделі өлі күйінде табылды. Софи Градонның аяқ асты болған қазасын оның сүйіктісі растады деп хабарлайды ru.oxu.az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Софи Градон. Фото: ru.oxu.az

Софи Градон. Фото: ru.oxu.az

Әзірге 32 жастағы Софи Градон неден қаза болғаны белгісіз. Құқық қорғау қызметкерлері істің мән-жайын анықтау үстінде.

Ал Аарон Армстронг өзінің сүйіктісін ешқашан ұмытпайтынын айтып, Софимен өткізген күндерін еске алды.

"Мен сені, сенің күлкіңді ешқашан ұмытпаймын. Мен сені сүйемін. Менің әлемім сенімен бірге кетті", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, Софи Градон Ұлыбританияда танымал модель, бұрын елдің ең сұлу аруы атанған. Сонымен қатар ол "Love Island" реалити-шоуның жұлдызы болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
2
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel