RU
Танымал отандық әнші Мәскеуге есірткімен барған кездерін еске алды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Танымал отандық әнші Мәскеуге есірткімен барған кездерін еске алды (фото)

Рассказать Вконтакте

"Үркер" тобының әншісі Айдос Сағат жас күнінде Мәскеуге есірткімен барған күндерін еске алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші 2013 жылы берген сұхбатынан қысқа үзінді жазып, көпшілікпен естелікке толы ескі суреттерін көрсетті. Айдос Сағат "Үркер" тобының танымалдылыққа қол жеткізбей тұрып, өздерін ешкімнің елеп-ескермегенін де жасырмады.

Ол өзінің ең алғашқы тобы "Touch&Go" пен бірге өткізген қызықты уақыттарын баяндап, қүпиясын жайып салды.

"Біздің группаның негізгі мақсаты альбом жазып болып, "Арсенал" тобының негізін қалаушы саксофонист Алексей Козловтың алдынан өту еді. Оны өзіміздің продюсеріміз етпекпіз. Алайда біздің негізгі жоспарымыз ойламаған жерден өзгеріп кетті. Топтағы 10 жігіт есірткі қабылдайтын. Ақша табу мақсатында олар есірткі тасымалдап кетті.

"Уркер". Фото: Instagram

"Уркер". Фото: Instagram

Біз есірткіні Мәскеуге алып баратынбыз. Содан соң бөліп-бөліп, жігіттер Арбатқа апарып сатты. Бұл істерін жігіттер жергілікті сатушылар қорқытқанша жалғастырды. Кейін сатпағанын өздері пайдаланды. Қазір ойласам, таңғаламын. Біз оны ұшақпен қалай алып бардық", - деп жазды Айдос Сағат.

Айта кетейік, осы оқиғадан соң Айдос Сағат бір аптадан соң елге қайтып кеткен. Ал "Touch&Go" тобының жігіттері Мәскеуде бір айға қалыпты. Осындай сәтсіздіктен соң, Айдос хитке айналған "Үркер" тобында өнер көрсеткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel