RU
Еліміздің бас мүфтиі өзбекстандық әріптесіне шапан кигізгді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Еліміздің бас мүфтиі өзбекстандық әріптесіне шапан кигізгді (фото)

Рассказать Вконтакте

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Шымкент қаласында өткен "Бауырлас елдердің рухани ортақ құндылықтары" атты халықаралық форум аясында Өзбекстан мүфтиі Усманхан қажы Алимовпен кездесті деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: muftyat.kz

Фото: muftyat.kz

Кездесуде екі ел мүфтиі халықаралық форумда айтылған ұсыныстар мен пікірлерді талқылады. Сонымен қатар, қазақ-өзбек бауырластығын одан әрі нығайтуды көздейтін игі іс-шаралардың жоспары жайлы пікір алысты. Дін қайраткерлері Қазақстан мен Өзбекстанның Діни басқармалары арасында қабылданған екі жақты меморандум аясында атқарылар ауқымды жұмыстарды пысықтады.

Фото: muftyat.kz

Фото: muftyat.kz

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз биыл Орталық Азия елдерінің Ислам ғұламалары рамазан айы мен ораза айтты бір күнге белгілеп, ортақ пәтуаға келгенін айрықша атап өтті.

Фото: muftyat.kz

Фото: muftyat.kz

"Бұл тарихи шешім – біздің діни ауызбіршілігіміздің жарқын үлгісі. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандырып, Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында бірлескен игі шараларды жүйелі түрде жүзеге асыруымыз керек", – деді Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Фото: muftyat.kz

Фото: muftyat.kz

Өз кезегінде Усманхан қажы Алимов халықаралық форумға арнайы шақырған еліміздің Бас мүфтиіне алғысы мен жылы лебізін жеткізіп, аталған шара қазақ-өзбек арасындағы рухани байланысты нығайта түсетінін сөз етті. Ал еліміздің бас мүфтиі өзбекстандық әріптесіне шапан жапты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel