RU
Түркістан облысында масаң күйде көлік басқарған шенеунік қызметімен қоштасты
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында масаң күйде көлік басқарған шенеунік қызметімен қоштасты

Рассказать Вконтакте

Отырар аудандық Әділет басқармасының басшысы істі болып, қызыметімен қоштасты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: Etcetera.media

Көрнекі фото: Etcetera.media

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінде Отырардағы Әділет басқармасы басшысының ісі қаралды.

Ол масаң күйде автокөлік басқарғандықтан оның үстінен әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс қозғалған. Сот қаулысымен шенеунікке үш жыл көлік құралын басқаруға тыйым салынды.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері облыстық Әділет департаменті басшысына тәртібі қаралған шенеунікті қызметінен босату туралы ұсыныс жіберіп, мемлекеттік қызметкер жұмысынан босатылды.

Айта кетерлігі, бұған дейін Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы мен Ордабасы ауданы Бөржар ауылының әкімі масаң күйде көлік басқарғаны үшін қызметтерімен қоштасқан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel