RU
Жылап қоймаған баланы соғып жіберген діндар жұрт қаһарына ілікті (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Жылап қоймаған баланы соғып жіберген діндар жұрт қаһарына ілікті (видео)

Рассказать Вконтакте

Интернет желісінде шоқындыру кезінде кішкентай баланы соғып жіберген шіркеу қызметшісінің видеосы тарап кеткен. Бейнежазбада діндар жылап қоймаған бүлдіршінге қол көтеріп, ата-анасына бергісі келмегені көрініс тапты деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Оқиғаның қайда болғаны белгісіз, бірақ адамдардың француз тілінде сөйлеп жатқаны анық байқалады.

Баланы шоқындыруға әкелген ата-ана шіркеу қызметшісінің мұндай әрекеттеріне дайын болмағаны сөзсіз. Ол жылап қоймаған балақайға шара қолданбақұ болып, оны бетінен қағып жіберген.

Одан сайын жылай түскен сәбиді діндар қолына алып, ата-анасына бергісі келмеген.

Видеоны көрген желі қолданушылар шіркеу қызметшісіне қатысты наразы пікірлерін жаудырған.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel