RU
Алматылық түлекті тарихтан қойылған сұрақ грантсыз қалдырды
Жаңалықтар Қоғам

Алматылық түлекті тарихтан қойылған сұрақ грантсыз қалдырды

Рассказать Вконтакте

Алматыда тест қорытындысымен келіспеген түлектер жауаптарының көшірмесін құшақтап, апелляциялық комиссияға жаппай шағым түсіріп жатыр. Тест сұрақтарының дұрыстығына күмән келтіргендердің саны көп. Солардың бірі "Алтын белгіге" бітірген Аружан Салауат деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: astanafm.kz

Көрнекі фото: astanafm.kz

Аружанға тарих пәнінен келген сұраққа оқушы түгілі мұғалімнің өзі жауап бере алмайды деп қынжылды.

"Жул әулетінің тарихы байланысты сұрақ. Еңбекте қандай қаңлылардың байланысы түзілді деген сұрақ мен үшін өте қиын болды. Апайдан сұрадым. Апай да ол сұрақтың жауабын білмейді екен. Грантқа балым жетпей қалды", - дейді талапкер Аружан Салауат.

Айта кетейік, алып шаҺарда алғашқы күні тестті 569 түлек тапсырып шыққан еді. Тиісті балдарын ала алмаған олар бір жыл дайынлалған сұрақтарымыздың 50 пайызы жаңартылған деп налып отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
7
2
2
4
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel