Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бойжеткеннің ерніндегі ісік құрт боп шықты (фото)

Опубликовано:

32 жастағы Ресей тұрғыны бетіндегі біртүрлі ісікті көріп, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Талдау нәтижесінде бойжеткеннің терісіндегі паразит болып шықты деп хабарлайды Lenta.ru басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: New England Journal of Medicine
Фото: New England Journal of Medicine: UGC

Басылымның жазуынша, бойжеткен екі апта бойы көзінің айналасындағы безеу секілді ісікпен алысқан. Ал 10 күннен кейін ол жоғалып кетіп, қыздың ерні үлкейе бастайды. Бұл құбылыстан шошынған бойжеткен бірден дәрігерлер көрінген.

Ақ халаттылар тексеру барысында оның терісіндегі ісіктің қозғалатынын байқап, бұның паразитті құрт екенін анықтайды.

Сөйтіп, хирургиялық ота жасап, терідегі паразитті алып тастайды.

Басылымның жазуынша, ресейлік тұрғын ауылдық жерде болған кезде оны маса шағып алған екен.

Бойжеткеннің терісінен алынған Dirofilaria repens паразиті көбіне мысық пен итте кездеседі. Ауруды масалар тарататын көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1738686-bojzetkenni-ernindegi-isik-krt-bop-sykty-foto/

pixel