Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ӘЧ-2018: Неймар бастаған жұлдыздар Коста-Риканы жеңді

Опубликовано:

Ресейде өтіп жатқан Әлем біріншілігінің Е тобындағы екінші тур матчтары басталды. Бүгін бұл топтан алғашқы болып жасыл алаңға Бразилия мен Коста-Рика құрамалары шығып, жеңіс оңтүстік америкалықтарға бұйырды деп хабарлайды Prosports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: webrelax.com
Фото: webrelax.com: UGC

Алғашқы айналымда Швейцарияны жеңе алмаған бразилиялықтар бүгінгі матчта бар күшін салған. Әлемнің бес дүркін чемпиондары үш ұпайдың тағдырын талассыз шешу үшін ойын бастала сала шабуылға шыққан еді.

Алайда алғашқы 45 минут бойы гол соғудың еш сәті түспеді.

Ал екінші таймда оңтүстік америкалықтар шабуыл қарқынын бұрынғыдан да үдетті. Алайда, Коста-Рика қақпашысы Навас нағыз шебердің өнерін көрсетті. Тіпті, 90 минут бойы есеп ашылған жоқ.

Тек матч аяқталар тұста ғана Коутиньо жеңіс голын соққса, матчқа қосылған қосымша уақыт аяқталар тұста Неймар да гол соғып, жанкүйлерін бір қуантты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1738691-c-2018-nejmar-bastagan-zldyzdar-kosta-rikany-zedi/

pixel