RU
Алматы облысында жарымжан баланы азаптап өлтірген келіншекке үкім шықты
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында жарымжан баланы азаптап өлтірген келіншекке үкім шықты

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында сегіз жасар баланы азаптап өлтірді делінген тәрбиешіні сот кінәлі деп тауып, 15 жылға бас бостандығынан айырды. Оған қоса, Мейіргүл Жалымова жәбірленуші тарапқа 3 миллион теңге өтемақы төлейтін болды деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Видеодан скриншот: КТК арнасы

Видеодан скриншот: КТК арнасы

Өтемақыны төлеу үшін судья келіншектің туыстарына 2 ай уақыт берді. Кері жағдайда, мәжбүрлі түрде бүкіл мүлкі саудаға шығарылады деді. Негізі сұралған өтемақы бұдан он есе көп болатын. Алайда, сот әйелдің кәмелетке толмаған үш қызы барын ескеріп, соманы он есеге қысқартып тастады. Десе де, атышулы іс мұнымен аяқталмайын деп тұр.

Жалымованың туған әпкесі енді интернаттағыларды сотқа беремін деп отыр. Айтуынша, мүгедек балаларға жасайтын түрлі әрекеттерін жасырып қалу мақсатында бәрі де ауызбастырық ұсыныпты.

"Әріптестерінің барлығы бастығынан қорқады. Аузын жауып тастаған бастықтары. Оларды түсінемін, жұмысымыздан айырылып қаламыз деп отыр ғой. Бәрі келісіп алған. Жиналыс ашқан. Балаларды бәрі байлайтынын бәрі біледі. Бәрі жауапқа тартылсын. Біз қайтадан оны шағымданамыз", - деді Жалымованың әпкесі Дариға Закирова.

Үкіммен келіспеген тарап апелляцияға жүгінді. Сондай-ақ мүгедек балаларға арналған интернатқа қарсы істі бастауға кірісіп те кетті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
8
6
1
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel