RU
Қазақстанда емханалар медициналық картасыз қабылдайтын болды
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда емханалар медициналық картасыз қабылдайтын болды

Рассказать Вконтакте

Бұдан былай медициналық карта деген болмайды. Денсаулық сақтау министрлігі оның бәрін электрондық форматқа ауыстырып жатыр. Бірақ бұл жаңалық мемлекеттік медициналық мекемелерге қатысты деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: FB.ru

Көрнекі фото: FB.ru

Пилоттық жоба қазірдің өзінде еліміздің 8 өңірінде іске асып жатыр. Қалған облыстар мен Астана, Алматы қалаларындағы емханалар мен стационарлар бірінші шілдеден бастап жаңа жүйеге ауысады. Яғни, дәрігерлер құшақ-құшақ қағаз арқалап жүрмейді. Емделушілерді тіркеуге алу тек компьютер арқылы жүргізіледі. Жалпы, елімізде мемлекеттік тапсырыс орындайтын 900 медициналық ұйым бар екен. Соның 35 пайызы жекенің қолында.

"Тегін мемлекеттік медициналық көмек көрсететін барлық медициналық ұйымдар тіркеу мен науқасты қарау шараларын тек ақпараттық жүйе арқылы жүргізетін болады. Емделушілерге амбулаториялық картасы мен флюрографиялық суретін алып жүрудің қажеті жоқ. Жеке құжаты болса жеткілікті", - дейді Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel