RU
Павлодарда полицейлер күдіктіге кінәсін мойындату үшін әбден сабап, тұншықтырған
Жаңалықтар Қоғам

Павлодарда полицейлер күдіктіге кінәсін мойындату үшін әбден сабап, тұншықтырған

Рассказать Вконтакте

Павлодарда күдіктіге кінәсін мойындату үшін күш көрсеткен үш полицейге қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: screen-ad.ru

Көрнекі фото: screen-ad.ru

Айыпталушылардың барлығы өз кінәларын толық мойындаған.

Екі экс-полицей үшжыл шартты түрде жазасйн өтейтін болады. Бұл аралықта азаматтар мемлекеттік органдарда қызмет ете алмайды.

Ал үшінші полицейді судья үш жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айырды. Ол бұрын да бұзақылық әрекеті үшін сотты болған екен.

Айта кетейік, үш полицей павлодарлық 40 жастағы азаматтың iPhone ұрлағанын 40 минут бойы мойындатпақ болып, күш көрсеткен.

ПРокурордың айтынша, олар күдіктінің ішінен, көкірегінен, арқасы мен басынан ұрған. Тіпті басына қапшық кигізіп, тұншықтырған екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
1
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel