Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауа райы болжамы: Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

Опубликовано:

"Қазгидромет" РМК 23 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынады деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото:Gismeteo
Көрнекі фото:Gismeteo: UGC

Синоптиктердің болжамынша, бүгін атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай болады, дауыл, желдің күшеюі күтіледі, бұршақ болуы мүмкін, оңтүстікте - шаңды дауыл болады. Тек республикамыздың батысында жауын-шашынсыз болады.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерлерінде дауыл, бұршақ болуы мүмкін, түнде және таңертен жекелеген ауданында тұман күтіледі.

Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз шаңды дауыл, дауыл болып, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.

Алматы, Жамбыл облыстарында, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты болады.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл , Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1738712-aua-rajy-bolzamy-bgin-kazakstanny-basym-bliginde-kbylmaly-aua-rajy-saktalady/

pixel