RU
Түймебаев Түркістанның жаңа бейнесін жасау үшін шетелден сәулетшілер шақырмақ
Жаңалықтар Қоғам

Түймебаев Түркістанның жаңа бейнесін жасау үшін шетелден сәулетшілер шақырмақ

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысының орталығы Түркістан шаһарын түбегейлі өзгерістер күтіп тұр. Киелі қалада келешекте әуежай мен автовокзал салынып, қала символдарының бірі ескі темір жол вокзалы күрделі жөндеуден өткізілмек деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: zhasalash.kz

Фото: zhasalash.kz

Шымкенттен көшіп баратын облыстық шенеуніктерге 170 гектар жерге жаңа әкімшілік орталық салынатын болды. Ал жоспар бойынша 65 мың тұрғын үшін 300 гектар жерге көпқабатты үйлер тұрғызылмақшы.

Түркістанның жаңа бейнесін шығыс үлгісі бойынша өзгертеміз деген облыс басшысы көмекке шетелдік мамандарды шақыртпақшы екен.

Жаңа облыстың орталығы әзірге әкім ауыстырумен басталды. Мыңжарым жылдық тарихы бар қаланың әкімі 7 ай бұрын ғана осы Түркістанның әкімі болып кеткен Әліпбек Өсербаев тағайындалды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
14
0
1
2
6
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel