RU
Сегіз қырлы бір сырлы Түрікменстан президенті тағы бір өнерімен елді тамсандырды
Жаңалықтар Әлемде

Сегіз қырлы бір сырлы Түрікменстан президенті тағы бір өнерімен елді тамсандырды

Рассказать Вконтакте

Түркіменстан президенті жоғары жылдамдықтағы спорт көлігін құрастырып, оны өзі сынақтан өткізген. Бұл жайында Түркіменстанның бұқаралық ақпарат құралы жаппай көрсетіп, насихаттап жатыр деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Скриншот видеодан алынды

Скриншот видеодан алынды
Source: UGC

"Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов өзі сызған сызба бойынша аса жоғары жылдамдықпен жүретін спорт көлігін өз қолымен құрастырып шықты. Сосын оның мүмкіндігін сынақтан өткізді", - деп хабарлады ТДХ мемлекеттік ақпарат агенттігі.

Ресей басылымдардың хабарлауынша, бұл 19 маусымда ол Ашхабадтағы спорт көлігі орталығына барған кезде болған. Мемлекет басшысымен бірге ұлы Сердар еріп барған.

Айта кетейік, Түркімен президенті жарыс көліктерін жүргізуден басқа, ат шабысы, веложарыс, шығыс жекпе-жегі, гольф секілді спорт түрлерінен өзінің шебер екенін де көрсетіп келеді.

Бұдан бөлек ол әртүрлі тақырыптағы 40-қа жуық кітаптың авторы. Оның бірнеше ғылыми атағы бар. Сонымен бірге былтыр қару-жарақты қалай қолдану керектігін сарбаздарға үйретіп, оқу-жаттығу жүргізген.

Сіздің реакцияңыз
3
0
1
0
1
13
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel