RU
Әйгілі ресейлік комментатор қазақтардың Дубайдағы тойын көріп, таңдай қақты
Жаңалықтар Қоғам

Әйгілі ресейлік комментатор қазақтардың Дубайдағы тойын көріп, таңдай қақты

Рассказать Вконтакте

Танымал ресейлік комменатор және шоумен Дмитрий Губерниев Sports.ru порталына берген сұқбатында өзі жүргізген қазақстандық клиенттің қызық тойы жайлы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Комменатор журналистің есінде қалған ең қызықты сауық-кеші туралы сұрағына БАӘ-де қазақстандықтың тойын еске алады.

"Үшінші күн Қазақстаннан келген мәртебелі адамның тойын жүргіздім. Бұл Біріккен Араб Әмірлігіндегі шөл далада болатын. Ұшақпен 150 адам келді. Олардың барлығын ақ түсті 50 "Тойота" көлігіне отырғызды. Ал шөл далада бүтіндей қала салып тастаған. 80 жылдардағы дискотеканы жүргіздім. Жеңіс күніне арнап ұйымдастырылатын отшашуды білесіз бе? Міне дәл сондай отшашудан он есе ірісі болды", - дейді Дмитрий Губерниев.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
39
5
6
13
2
13
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel