RU
Атыраулық депутат төрт баланы жалғыз өзі бағып отырған әкеге баспана сыйлады
Жаңалықтар Қоғам

Атыраулық депутат төрт баланы жалғыз өзі бағып отырған әкеге баспана сыйлады

Рассказать Вконтакте

Атырауда шиеттей 4 баласымен пәтер жағалап, көшіп жүрген азамат баспаналы болды. Көпбалалы әкеге үйді нұротандық депутат, атыраулық кәсіпкер Әлібек Семғалиев сыйға тартқан деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Скриншот Астана арнасы

Скриншот Астана арнасы

4 баланы жалғыз өзі асырап отырған Қайрат Әлипанов қаладағы екі балабақшада аула тазалаушы болып жұмыс істейді. 20 жыл бойы әркімнің баспанасын жалдап күнелтіп, пәтерден-пәтерге көшіп жүрген азаматтың қуанышында шек жоқ.

"Депутат ағаларға көп рахмет айтамын. Жақсы игі іс істеп жатыр. Бұрын үй жалдап тұрдық әр жерде. Жататын жеріміз жоқ., ыңғайсыз. Қыздарым өсіп келе жатыр. Беріп отырған үй өте ыңғайлы", - дейді ол.
Видеодан скриншот

Видеодан скриншот

Аймақта іссапармен жүрген елімізге танымал кәсіпкер Қайрат Құдайберген де қоныс тойға құтты болсын айта келді. Отбасына жұмсақ жиһазды сыйға тартатынын жеткізді. Қайратпен бірге жұмыс істейтін жандар да қарап қалмай, жаңа пәтерге тұрмысқа қажетті заттарын ала келіпті.

Айта кетейік, отбасындағы балалардың ең үлкені 16-да, кішісі 3 жаста.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
29
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel