RU
Шымкентте жаңадан салынып жатқан мешіт өртенді (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкентте жаңадан салынып жатқан мешіт өртенді (видео)

Рассказать Вконтакте

Шымкентте жаңадан құрылыс жұмыстары жүріп жатқан мешіттің ғимаратынан мешіттен өрт шықты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Скриншот видеодан алынды

Скриншот видеодан алынды

Өрттің қызыл жалынға оранғанын видеоға түсіріп алған қала тұрғындары әлеуметтік желіге жарыса салып, қызу талқылауда. Оқыс жағдай 22 маусым күні түнгі сағат он бірлер шамасында Шымкенттегі "Нұрсат" шағын ауданындағы құрылыс жұмыстары жүріп жатқан мешітте орын алған.

"Мешітте төрт күмбез бар. Үшінші күмбезі салынып жатқан. Өртеніп кетті. Құдай сақтасын...Барлық жері жанып кетті. Бір өрт сөндіру техникасы келді", - дейді видео авторы.

Қазақстанның ІІМ ТЖ жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі өрттің болғанын растады.

"Астана даңғылының бойында Нұрсат ықшамауданында мешіт территориясындағы дұға ететін орында жалпы алаңы 196 метр жерді жалын шарпыған. Өрт 23 маусымда сағат 01.18-де сөндірілді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Қазір қызыл жалынның неден шыққаны анықталып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
1
3
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel