RU
Астаналық түлек ҰБТ-ның арқасында шымкенттік ғашығын тапты
Жаңалықтар Қоғам

Астаналық түлек ҰБТ-ның арқасында шымкенттік ғашығын тапты

Рассказать Вконтакте

Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Рамазан Әлімқұлов ҰБТ-дағы қызықты оқиғаны айтып берді деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: ladychef.ru

Көрнекі фото: ladychef.ru

Әлімқұловтың сөзінше, ҰБТ білімді ғана тексермейді, ғашықтарды да табыстырады.

"Бізге жақында Мерей есімді астаналық түлек хабарласты. Ол қаңтар айында "Мега" сауда орталығында Астанаға қонаққа келген Арай есімді шымкенттік арумен танысқан. Бірақ, оның байланыс нөмірін алып үлгермеген және Арайдың биыл ҰБТ тапсыратынын біліп, ҰБТ-ның онлайн трансляциясы арқылы оны тапты. Сүйіктісі сынақ тапсырған пунтті анықтаған бойда, Мерей бізге хабарласып, оның байланыс нөмірін табуда көмек сұрады. Көрдіңіздер ме, ҰБТ білімді ғана тексермейді, ғашықтарды да қосады", - деді Рамазан Әлімқұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Орталық басшысы астаналық бозбаланың тілегін жерге қалдырмай, Арайды іздеп жатқандарын хабарлады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
2
6
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel