RU
Қымбат көлікті жалға алған бойжеткен оны әп-сәтте талқандап тастады
Жаңалықтар Әлемде

Қымбат көлікті жалға алған бойжеткен оны әп-сәтте талқандап тастады

Рассказать Вконтакте

Қытайлық бойжеткен Ferrari 458 көлігін жалға алғаннан кейін бірнеше минуттан кейін жол апатына түсті. Оқиға Вэньлин қаласында болған. Ал көлік апаты жолдардың біріндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған деп хабарлайды life.ru порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Басылымның мәліметінше, бойжеткен жер су болып, ауа райының қолайсыздығынан көлікті басқара алмай қалған. Салдарынан Ferrari қоршауға, кейін BMW көлігіне соғылған.

Апатқа дейін ол көлікті отырып, алғаш рет Ferrari-ді тізгіндеп жатқанын, бұл шын мәнінде керемет сезім екенін айтып, видео түсірген екен.

Оқиғадан ешкім айтарлықтай ауыр жарақат алмаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
2
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel