RU
ҰБТ-ға ерекше шпаргалкамен кірген түлек Білім министрлігін тәнті етті
Жаңалықтар Қоғам

ҰБТ-ға ерекше шпаргалкамен кірген түлек Білім министрлігін тәнті етті

Рассказать Вконтакте

ОКҚ-де өткен брифингте БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов ҰБТ-дағы ерекше шпаргалка жайында айтты, деп хабарлайды Baq.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: baq.kz

Фото: baq.kz

Брифингте Рамазан Әлімқұлов Ұлттық бірыңғай тестілеудің үшкүндік нәтижесін баяндай келе, қазақстандық түлектің тапқырлығына тәнті болды.

"Жыл сайын біз Ұлттық тестілеу орталығында ерекше шпаргалкаларға баға береміз. Осы жылы бірінші орынды ерекше шпаргалкаға береміз. Оқушы ҰБТ-ға пластикалық бөтелкенің этикеткасына өзіне қажетті химияның формуласын жазып кірген. Яғни минералды судың құрамы мен компанияның мекен-жайы көрсетілген жерде осы формула болған. ҰБТ-тың ережесіне сәйкес емтиханға суды алып кіруге болады", - деді ол.

Оның айтуынша, қазақстандық оқушылардың функционалдық сауаттылығы артып келеді екен. Бұған дәлел жоғарыда айтылған факт. Сондықтан ол министрліктің бейресми рейтингінде бірінші орынға ие болған.

Әлімқұлов ерекше шпаргалка жасаған оқушыға өз кеңесін берді.

"Біз осы шпаргалканың авторына техникалық бағытта білім алуға кеңес береміз. Біздің ойымызша, ол өз еліне үлкен пайдасын тигізе алады", - деп түйіндеді сөзін Рамазан Әлімқұлов.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
3
4
1
2
64
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel