RU
Қылмыскер 32 жылдан кейін майлықтың арқасында ұсталып қалды
Жаңалықтар Әлемде

Қылмыскер 32 жылдан кейін майлықтың арқасында ұсталып қалды

Рассказать Вконтакте

АҚШ-та қағаз майлықтың ДНҚ арқылы 32 жыл бұрын жасалған қылмысқа күдікті ұсталды. 66 жастағы Вашингтон тұрғыны Гэри Хартмен 12 жастағы Мишеллы Уэлчтің өліміне қатысты айыпталып отыр деп хабарлайлды life.ru порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: © flickr.com/Lance Shields

Фото: © flickr.com/Lance Shields

Порталдың жазуынша, қыз бала 1986 жылы әпкесімен қыдырып жүріп жоғалып кеткен. Тергеу оның басынан алған соққыдан қаза болғанын және оған сексуальды қорлық көрсетілгенін анықтаған.

2006 жылдың мамырында тергеу кезінде жинақталған материалдан ер адамның ДНҚ-сы алынған. Ал 12 жыл өткеннен кейін мамандар осы ДНҚ ағайынды екі жігіттікімен сәйкес келетінін анықтаған.

4 маусым күні ағайындылардың бірінің үйіне детектив қойылады. Келесі күні Хартмен әріптестерімен таңғы асын ішу үшін кафеге аттанады. Ал детектив болса көрші столға отырып, ер адамның бірнеше рет майлықпен аузын сүртіп, кейін лақтырып жібергенін байқайды.

Мекеме қызметкері детективтің өтінішімен оған майлықты әкеп береді. Майлықты белгісіз адамның ДНҚ-мен салыстыру үшін бірден лабораторияға жіберген.

Нәтижесінде майлықтағы ДНҚ мен марқұм қыздың ісі бойынша алынған ДНҚ-мен сәйкес келіп, Хартмен қамауға алынады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
3
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel