Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ӘЧ-2018: "Неміс машинасы" ойынның соңғы минуттарында швециялықтарды жеңіп кетті

Опубликовано:

Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңі аясында Германия мен Швеция құрамалары кездесті. Ойынның соңына дейін есеп 1:1 тең нәтиже сақтағанымен, неміс футболшысы Тони Кроостың орындауында болған айып соққысы Германия құрамасына жеңіс сыйлады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru
Фото: eurosport.ru: UGC

Екі құрама арасындағы кездесу өте тартысты өткен. Бірінші таймда өзін мықты жағынан швециялықтар көрсетсе, екінші тайм немістердің еншісінде болды.

Германия құрамасы допты барынша өз бақылауында ұстауға тырысқанымен, есепті 32-ші минутта швециялық Ола Тойвонен ашты. Алайда араға 16 минут тастап, неміс шабуылшысы Марко Ройс есепті теңестірген.

Екінші таймда немістер толассыз шабуылдар жаудырғанымен, доп қақпаға дәл тимей жатты. Алайда, қосымша уақыттың соңғы минуттарында Германия айып соққысына ие болып, оны сәтті орындаған Тони Кроос өз құрамасын алға шығарды. Есеп 2:1 болып немістердің жеңісімен аяқталды.

Фото: eurosport.ru
Фото: eurosport.ru: UGC

Айта кетейік, кешегі ойын Германия үшін өмірлік маңызы бар ойын болды. Олар швециялықтардан не ұтылып, не тең түсіп жатқанның өзінде әлем чемпионатын жалғастыруға өз мүмкіндіктерінен айырылатын еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1738769-c-2018-nemis-masinasy-ojynny-sogy-minuttarynda-svecialyktardy-zeip-ketti/

pixel