Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмахан рэп орындаушы болып кеткені рас па?

Опубликовано:

"Жұлдызды жекпе-жек" сайысында рэп орындап шыққан Ерке Есмахан көпшілікті таңғалдырды. Айқынмен бірге 91 тобының "Қайтадан" әнін шырқаған отандық әнші өзін жаңа қырынан көрсеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: starinfo.kz
Фото: starinfo.kz: UGC

Тележобаның жартылай финалында өзі үшін ерекше жанрда ән орындаған әнші жұрттың таңданысын келтірді. 91 тобының туындысын Айқынмен бірге шырқаған Ерке өзін жаңа қырынан көрсетіп рэп оқыды.

Отандық жұлдыздың рэп оқитынына әділқазылар алқасы да дайын болмаған көрінеді. Олар да өздерінің таңғалғандарын жасыра алмай отырды.

Атышулы топтың әнін орындаған әнші 91-дің жанкүйерлерінің қолдауы мен жылы лебізіне ие болған.

"Жарайсың Ерке, даусың керемет", "Қайтадан әнін ерекше орындап шықтың", "Иглздар саған қолдау білдіреді" , - деп жазды жаелі қолданушылар.

Ең қызығы, бұл әнді ол Бағлан Әбдірайымовқа қарсы сында орындап шықты. "Жігіттер" квартетінің мүшесі 91 тобына қатысты негативті пікірлерді жаудырғандардың бірі болып табылады.

Айта кетейік, "Қайтадан" өлеңін орындаған Ерке Есмахан жобаның ақтық сынынан жолдама алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1738779-erke-esmahan-rep-oryndausy-bolyp-ketkeni-ras-pa/

pixel