RU
Қазақстанның көп бөлігінде жел күшейе түспек
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанның көп бөлігінде жел күшейе түспек

Рассказать Вконтакте

Синоптиктердің болжауынша, атмосфералық ағындарға байланысты еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кейбір аймақтарда найзағайлы жаңбыр жауып, жел күшеймек деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: www.cheltv.ru

Фото: www.cheltv.ru

Жел уытқуымен қоса бұршақ болуы ықтимал, оңтүстікте - шаңды дауыл соғады. Тек еліміздің батысында күн райы ашық болады.

Ақмола, Қостанай облыстарының күндіз кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болып, бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерінде найзағай да күтіледі.

Алматы облысының күндіз найзағай жарқылдап, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде желдің күші 15-20, күндіз екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Найзағай жарқылдап, дауыл мен бұршақ күтіледі. Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл соғып, жел 15-20 м/с үдейді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде желдің күшеюі 15-20, күндіз екпіні секундына 25 метрге жетеді. Кейбір аумағында дауыл, бұршақ болуы мүмкін.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде желдің күші секундына 15-20 метрді құрауы мүмкін. Найзағай, дауыл күтіледі, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Атырау облысының басым бөлігінде, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде қатты ыстық сақталады.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл , Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel