RU
Елордада халықаралық олимпиада күні аталып өтті
Жаңалықтар Қоғам

Елордада халықаралық олимпиада күні аталып өтті

Рассказать Вконтакте

Бүгін Қазақстан халқы жылдағы дәстүр бойынша Халықаралық Олимпиада күнін атап өтіп, еліміздің барлық өңірінде бұқаралық-спорттық шаралар ұйымдастырылды. Биыл ең басты олимпиадалық мерекелердің бірін әлемдегі спортсүйер қауым 70-ші рет тойлауда деп хабарлайды olympic.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: olympic.kz

Фото: olympic.kz

Мерейтой құрметіне орай, Халықаралық Олимпиада комитеті бар әлемдегі спорт жанкүйерлері мен салауатты өмір салтын қолдаушыларды бірігуге шақыратын #UnitedBy кампаниясын іске қосты.

Астана тұрғындары жексенбілік таңды Астаналық саябақтағы фитнес-жаттығудан бастады. Бұл шараға танымал отандық спортшылар, Олимпиада ойындарының қатысушылары мен жүлдегерлері қатысты. Бұл жоба бірнеше жылдан бері астаналықтарға демалыс күндерін сәтті әрі денсаулыққа пайдалы етіп өткізуге көмектесіп келеді. Сондай-ақ, спорттың әр түрі бойынша өтетін шеберлік сағаттары мен көрсетілімдер кішкентай қатысушылардың ерекше назарын аударды.

Фото: olympic.kz

Фото: olympic.kz

Спорттық дәстүрлер Алматыда да ұмыт қалған жоқ. Алматылықтар бұрынғы дәстүрден жаңылмай, Олимпиада күнін веложарыспен атап өтті. Жарыс «Нұрлы Тау» бизнес орталығында басталды. Сондай-ақ, веложарысқа қазақстандық спортшылар да қатысты. 23 маусым күні «Я с тобой» балаларға паллиативтік көмек көрсету Орталығы Қазақстан ҰОК қолдауымен Олимпиада күнін тойлау аясында онкологиялық дертке шалдыққан балалардың қатысуымен «Жас көшпенділер» ойынын өткізді.

Фото: olympic.kz

Фото: olympic.kz

23-24 маусым күндері Қазақстанның өзге де облыстарында Халықаралық Олимпиада күніне арналған спорттық-бұқаралық шаралар өтті. Бұл мерекені әлем халқы екі күн бойы #UnitedBy ұранымен өткізген болатын. Қазақстан халқын да осы екі күн бойы Спорт біріктірді. Олимпиада күнін тойлауға қатысушылар арнайы сертификатқа және еліміздің Ұлттық Олимпиадалық комитеті ұсынған жүлделер мен сыйлықтарға ие болды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel