RU
Олжас Сүйлейменовтің немересі әйел адам жүргізген көлікке соқтығысқан
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Олжас Сүйлейменовтің немересі әйел адам жүргізген көлікке соқтығысқан

Рассказать Вконтакте

Астана қалалық ішкі істер департаменті Мәңгілік Ел - Керей мен Жәнібек хан көшелерінің қиылысында болған жол-көлік апаты туралы мәлімдеме жасады деп хабарлайды sn.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: today.kz

Фото: today.kz

Жан түршігершілік апатта белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменовтың 26 жастағы немересі Ескендір Сүлейменов қаза тапқан болатын.

«22 маусым күні болған жол-көлік апаты бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Апат орнына Астана ІІД тергеу-жедел тобы барды, қажетті сараптамалар тағайындалды. Материалдар толық көлемде жиналып, қылмыстық іс ретінде тіркелді. Жол-көлік апаты фактісі Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түскен», - делінген Астана ІІД баспасөз қызметі жіберген хабарламада.

Апатқа қатысы болуы мүмкін астаналық 29 жастағы әйел де тергеуге алынды.

«Апатқа себепкер болуы мүмкін «Hyundai» автокөлігінің иесі, 29 жастағы астаналық әйелге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу барысын Астана қаласының ІІД басшылығы қадағалауға алды», - деп хабарлады астаналық ІІД.

Ескендірдің туыстары жол-көлік апаты туралы қандай да бір ақпаратқа ие куәгерлерді +7 701 44 44 134, +7 701 551 82 22 немесе +7 701 981 78 81 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
3
7
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel