RU
Rexona мен Небраска танымал блогерді қара терге түсірді
Жаңалықтар Пресс-релизы

Rexona мен Небраска танымал блогерді қара терге түсірді

Рассказать Вконтакте

Танымал YouTube команда - Штат Небраска Rexona брендімен бірге футболдан Әлем чемпионаты кезінде ерекше жарнамалық кампания ұйымдастырды. Бұл жігіттер тапқыр қалжыңдары – «пранктерімен» танымал. Олар белгілі блогерлер, вайнерлер және басқа да интернет-жұлдыздарды «алдау операциясының» қармағына түсіріп, көпшілікті күлкіге қарқ қылады.

Rexona мен Небраска танымал блогерді қара терге түсірді

Штат Небраска командасы – жас видеоблогерлерден құрылған топ. Жобаның негізін қалаушылар – вайнерлер Каримжан Ерлан, Анна Процветова и Марлен Капбар.. Олар қызық пен шытырманға толы сценарий ойластырып, танымал қазақстандықтарды ыңғайсыз жағдайға қалдырады.

2018 жылғы Әлем чемпионатына орай ұйымдастырылған пранк – команданың 12-інші «айласы». Бұған дейін Небраска Айжан Байзақованың соңына «маньяк» салып, оны жыларман күйге жеткізді. Танымал хайпердің мұндай күйін әлі ешкім көрмеген. Оған қоса, пранктер Instagram желісіндегі @yuframe жобасы арқылы көпшілікке етене таныс Артурдың көлігін айдап кетіп, соғып, ашуландырды. Ал тендерлердің патшасы атанған Нұрлан Байділдәнің шашы ағарды. Себебі, Небраска пранкерлері атыс ұйымдастырып, оны сол атыстың қақ ортасына «тастай салды».

Rexona мен Небраска танымал блогерді қара терге түсірді

Бұл жолы Небрасканың құрбаны танымал блогер Исхар Бабазаев болды, ал «пранктің» тақырыбы – әрине футбол, себебі Rexona – футбол жанкүйерлерінің ресми демеушісі!

Әдемі қыздарды жаны сүйетін Исхар Бабазаевты оның және футболдың жанкүйері, осы спорт түрін жақсы білетін бойжеткен әуре-сарсаңға салды. Тіпті, ыңғайсыз жағдайдан сытылып шығу үшін танымал блогерге досының көмегіне жүгінуге тура келді. Иә, әдетте өзіне сенімді блогер мұндай тығырыққа тірелемін деп ойламаса керек және бұл сабақ оның есінде көпке дейін сақталары анық! Бұл – алдын ала қойылған бейнероликтерге түсу емес.

Сұлу бойжеткен ыңғайсыз сауалдарды жаудырған кезде Бабазаев қара терге түсіп, өзін қоярға жер таппады. Бұдан соң сұрақ қоюші тіпті жас жігіттен тері иісі шығып, сасып тұрғанын айтып, оның қолтығын иіскемек болды. Сол кезде Исхардың шыдамы шегіне жетті.

Rexona мен Небраска танымал блогерді қара терге түсірді

Бұл қалжың мақсатында ойластырылған алдау операциясы екені белгілі болған соң пранкті ұйымдастырушылар Исхар Бабазаевқа Rexona дезодорантына толы сөмкені сыйға тартты. Бұл блогердің ең ыңғайсыз және қиын жағдайда да сенімді болуына көмектеседі. Себебі, тері мен иіс қозғалыс пен спорт кезінде ғана емес, басқа уақытта да пайда болуы мүмкін.

Сондықтан Rexona Әлем чемпионатындағы футбол жанкүйерлерінің ресми демеушісі атанды. Олардың барлығын шын мәнінде қызу кезең күтіп тұр. Эмоцияның түр-түрі мен уайым болары анық. Ал Rexona дәл сондай кезеңде тері мен иістен қорғайды. Сол арқылы футбол жанкүйерлеріне тері мен қолқаны қабатын иісті ұмытып, бұл айдың ләззатын сезініп, сезімнің бәрін бастан кешіп, өз командаларын барынша қолдауға көмектеседі.

Rexona - әрқашан сенімді қорғаныс!

*PR құқында

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel