RU
190 жолаушысы бар ұшақ Атырау әуежайына қонуға мәжбүр болды
Жаңалықтар Қоғам

190 жолаушысы бар ұшақ Атырау әуежайына қонуға мәжбүр болды

Рассказать Вконтакте

Pegasus әуекомпаниясының ұшағы қозғалтқыштың істен шығуына байланысты Атырау әуежайына қонуға мәжбүр болды. Әуе кемесінің бортында 190 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: Кавказ Пост

Көрнекі фото: Кавказ Пост

Бұл туралы азаматтық авиация өкілдері өздерінің Facebook-тегі ресми парақшасы арқылы мәлімдеген. Олар Новосібір-Анталия рейсін орындайтын ұшақ қозғалтқышының істен шыққаны жөніндегі ақпаратты 10:03-те алғанын айтты.

Анықталғандай ұшақ бортындағы адамдардың барлығы дін-аман, зардап шеккендер жоқ. Әуе кемесін әуежайға қондыруға 17 минут уақыт кеткен.

Мамандар қозғалтқыштың не себепті істен шыққанын анықтап жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel