RU
"Шымкент көбірек ұнады": Қазақша таза сөйлеген шетелдік қыз көпті тәнті етті
Жаңалықтар Қоғам

"Шымкент көбірек ұнады": Қазақша таза сөйлеген шетелдік қыз көпті тәнті етті

Рассказать Вконтакте

Желіде өзін Қазына деп таныстырған америкалық келіншектің видеосы тарап кетті. Бейнежазбада ол Алматы мен Шымкент тұрғындарын салыстырып, қай қаланың қолайлы екенін айтты деп хабарлайды sn.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: sn.kz

Фото: sn.kz

Қазақ тілін меңгеріп алған шетелдік әйел баласына да қазақша ат қойыпты. Ол ұлының есімін Құдайберген деп қойған.

Өзге тілде сайрап тұрған әйелдің видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр. Баласын аулада ойнатып жүрген америкалық әйел Шымкентте 2,5 жыл тұрғанын айтады. Қазір Алматыда мекен етсе керек.

«Маған Шымкент жақсырақ, онда уақыт өте баяу өтеді, халқы қонақжай, арзаншылық, ең бастысы - пробка жоқ», - дейді АҚШ азаматы.

Сондай-ақ, ол шымкенттіктердің бәрі қазақша сөйлейтінін, тіпті ұлты орыстар да қазақшаға жақсы екенін айтқан. Ал, Алматыда бәрі керісінше дейді ол.

Желі қолданушылар шетелді азаматшаның қазақ тілінде таза сөйлегеніне сүйсінді. Көпшілік аз уақытта қазақша сқйлеуді үйреген келіншекке өз таңданыстарын жасыра алмады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
0
1
1
78
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel