RU
Ашуға булыққан мейрамхана иесі меймандарды атып өлтірді
Жаңалықтар Әлемде

Ашуға булыққан мейрамхана иесі меймандарды атып өлтірді

Рассказать Вконтакте

Украина астанасы Киевте қайғылы оқиға орын алды. Өзара сөзге келіп қалған мейрамхана иесі мен қонақтар арасындағы дау адам өлімімен аяқталған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru
Source: UGC

Ер азаматтар арасында орын алған келіспеушілік жұдырықтасудан кейін атысқа ұласқан. Ашуға бой алдырған мейрамхана иесі келген меймандарға оқ жаудырған.

Нәтижесінде бір адам қайтыс болып, бірнеше мейман жарақат алып қалды.

Зардап шеккендер дереу ауруханаға жеткізіліп, атысты бастаған мейрамхана иесі тұтқындалған.

Оның айтуынша, қонақтар оның қызына қатысты боғауыз сөздер айтқан. Баласын балағаттап жатқандарды орнына қоймақ болған ер адам өз-өзін ұстай алмай қалды.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Сіздің реакцияңыз
2
0
3
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel