RU
Ғалымдар: Көзілдірік киетіндер көру қабілеті жақсылардан ақылдырақ
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ғалымдар: Көзілдірік киетіндер көру қабілеті жақсылардан ақылдырақ

Рассказать Вконтакте

Нашар көру мен көзілдірік кию қажеттілігі интеллектінің жоғарылығымен байланысты болуы мүмкін. 300 мыңнан астам адамның генетикалық мәліметтерін зерттеген Эдинбург университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келіп отыр деп хабарлайды osken-onir.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: osken-onir.kz

Фото: osken-onir.kz

Зерттеу қорытындысы Nature Communications журналында жарияланды. Жалпы ғалымдар когнитив мүмкіндіктермен байланысты 148 генетикалық локусты (генетикалық картадағы геннің орналасуы) анықтап, түрлі факторлардың (қолдың қарымынан күйзеліске дейін) интеллектке қалай әсер ететінін бағалаған.

Зерттеушілер мына заңдылыққа көз жеткізген: зерттеуге қатысқан ең ақылды адамдарда көзілдірік кию қажеттілігін тудыратын гендердің болуы басым. Сонымен бірге, ғалымдар жоғары интеллект пен ұзақ өмір, өкпенің қатерлі ісігіне шалдығудың төмендігі, психиканың мықтылау болуы мен қан тамырларының саулығы арасындағы байланысты анықтады.

"Бұл зерттеу көптеген ой мүмкіндіктерімен байланысты генетикалық айырмашылықтардың бетін ашты", - дейді ғалымдар тобына жетекшілік ететін доктор Гейл Дэвис.

Мұның алдындағы зерттеулер көзілдірік киетін адамдарды өзгелер ақылды, сенімді, еңбекқор және адал ретінде қабылдайтынын анықтаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel