RU
Астана мен еліміздің төрт облысында дабылды ескерту жарияланды
Жаңалықтар Қоғам

Астана мен еліміздің төрт облысында дабылды ескерту жарияланды

Рассказать Вконтакте

Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары мен Астана қаласында дабылды ескерту жарияланды деп хабарлайды Қазгидромет.

Астана мен еліміздің төрт облысында дабылды ескерту жарияланды

Астана мен еліміздің төрт облысында дабылды ескерту жарияланды

25-27 маусымда Батыс Қазақстан, 26-27 маусымда Атырау облыстарында 40-42 градусқа дейін өте қатты ыстық болады.

25-26 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с болады, найзағай, бұршақ, дауыл болжанып отыр. Кей жерде нөсер жаңбыр жауады.

Астана қаласында алдағы ек күнде солтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с болады, найзағай ойнайды.

Петропавл қаласында ертең қатты жел соғып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel