Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ӘЧ-2018: Колумбия құрамасы 3:0 есебімен ұтып, Польшаны үйіне қайтарды

Опубликовано:

Әлем чемпионатының топтық кезеңі аясында болып өткен Колумбия мен Польша арасындағы тартысты ойын нәтижесі 3:0 есебімен аяқталды. Қарсыласынан ұтылыс тапқан польшалықтардың әлем чемпионатындағы уақыты енді осымен тәмам деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru
Фото: eurosport.ru: UGC

Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ алға ұмтылған еуропалық команда Колумбиядан қарағанда мықтырақ көрінген.

Алайда, өзінің үнемі белсенді футболшыларының арқасында Колумбия құрамасы ойынды өз тізгініне ала алды. Мина, Фалькао және Куадрадо сынды аяқдопшылар польшалықтардың қақпасына гол соғып, өз елінің жеңісіне елеулі септігін тигізген.

Польша құрамасының жарық жұлдызы Роберт Левандовскидің өзі де колумбиялықтардың жойқын әрі жылдам шабуылдарына дайын болмаған сыңайлы.

Енді Польша құрамасы үшін әлем чемпионатымен қош айтысып, үйіне қайтудан басқа амал қалған жоқ.

Айта кетейік, Польша құрамасы биылғы әлем чемпионатынан ұшқан тұнғыш еуропалық команда болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1738854-c-2018-kolumbia-kramasy-30-esebimen-typ-polsany-jine-kajtardy/

pixel