RU
Қазақ боксшысы мексикалық қарсыласын нокаутпен жеңіп кетті (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Қазақ боксшысы мексикалық қарсыласын нокаутпен жеңіп кетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Лос-Анджелес қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов мексикалық Хосе Обандоны айқын басымдықпен жеңді деп хабарлайды Sn.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қазақ боксшысы мексикалық қарсыласын нокаутпен жеңіп кетті (видео)

Қазақ боксшысы мексикалық қарсыласын нокаутпен жеңіп кетті (видео)

Соңғы алтыншы раундтың аяқталуына санаулы секундтар қалған сәтте рефери жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Өйткені, Мейірімнің ауыр соққыларынан кейін Хосе Обандо қарсыласын ұру түгілі қорғануға да шамасы келмей қалған еді.

Айта кетерлігі, қазақ боксшысының жекпе-жегі Golden Boy промоутерлік компаниясы ұйымдастырған бокс кешінің бір бөлігі еді.

Бұл күні шаршы алаңға бірінші орта салмақтағы тағы бір қазақ боксшысы Қанат Ислам да шығуы тиіс болатын. Алайда, жерлесіміз аяғын сындырып алып, кездесуден бас тартты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel