RU
Атырауға апатты жағдайда қонған туристер Анталияға ұшып кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Атырауға апатты жағдайда қонған туристер Анталияға ұшып кетті

Рассказать Вконтакте

Новосібірден Анталияға ұшып бара жатып, аяқ астынан Атырауға қонған Боинг-747 ұшағының жолаушылары Түркияға аттанып кетті деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Атырау

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:55-те "Pegasus" әуе тасымалдаушысына қарасты Боинг-747 ұшағының жолаушыларын алып кету үшін Амстердамнан арнайы ұшақ келді.

Барлық 190 жолаушы өздері күтпеген жерден тап болған Атырауды тастап, Түркияға жолға шықты.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, ұшақ 24 маусым күні таңертең шұғыл түрде Атырауға қонуға мәжбүр болған.

Туристермен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев кездесіп, хал-жағдайларын сұрап, сабырға шақырды. Ол жолаушыларға қосымша ұшақты күту кезінде ешқандай мәселе туындамайтынын жеткізді.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel