RU
Шетелдікке ғашық болған қазақ қызы сүйіктісімен қалай танысқанын айтып берді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Шетелдікке ғашық болған қазақ қызы сүйіктісімен қалай танысқанын айтып берді (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық Луиза теңін өз елінен емес, өзге елден тапқан. Ол халықаралық емтиханға дайындалу мақсатында желідегі тілдік курстарға қатысып өз сүйіктісіне жолыққан деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото жеке мұрағаттан алынды

Фото жеке мұрағаттан алынды

Луиза Қызылорданың тумасы болғанымен 10 жылдан бері Алматыда тұрады. Абылайхан атындағы әлем тілдер колледжін тәмәмдаған.

«Сүйіктіммен әлеуметтік желі арқылы таныстым. Мемлекеттік емтихан IELTS-қа дайындалып жүргенмінде, мұғалім бүкіл әлем студенттері тәжиірбе алмасатын онлайн курсқа тіркелуіме кеңес берді. Сол жерден өмірлік серігімді таптым»

Луизаның сүйіктісі Париж қаласында дүниеге келген. Алғашқы кездесулері де махаббаттың символына айналған Парижде өткен.

Фото жеке мұрағаттан алынды

Фото жеке мұрағаттан алынды

«Шынайы сезімге бөлейтін бұл қаладағы кездесуіміз көп күндер мен толассыз хаттардан кейін орын алды. Болашаққа жоспарлаған мақсаттарымыз көп, әрі ендігі өмірімді осы адаммен ғана елестетемін. Өзара біз ағылшын тілінде сөйлесеміз. Алайда, ол қазақша ал мен француз тілін үйреніп жүрмін», - дейді Луиза.

Француз жігіт сүйіктісінің отанына келуді жөн көрген. Луизаның айтуынша, оған Қазақстанның ұнағаны соншалық, еліміздің көп жеріне тамсаныпты.

«Оған Қазақстан қатты ұнады. Әзірге тек Алматыда ғана болды, енді Қазақстанның басқа қалаларын араламақпыз. Сонымен қатар ұлттық дастарханымыз да көңілінен шықты»
Фото жеке мұрағаттан алынды

Фото жеке мұрағаттан алынды

Луизаның туған-туысқандары мен жақындары оның таңдауына барынша қолдау білдіріп, тек қана бақыт тілейтіндерін айтқан.

« Менің туыс-туғандарым біздің қарым-қатынасымызға қарсы емес, тіпті кейбірі бізді жарасымды жұпсыңдар дейді. Әрине, біреулер әлеуметтік желі арқылы қосағымды тапқаныма таң қалар. Отбасым - менің басты қолдаушыларым. Әсіресе інім ылғи кеңестерін беріп, кейде қалжыңдап та қояды. Мені 15 жыл ағылшын курсында оқытқан әжеме алғысым шексіз. Егер ол болмағанда шынайы махаббатымды таппауым да мүмкін еді», - деп аяқтады.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
17
2
2
1
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel