Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұрттың сөзінен шаршаған Алтынай Жорабаева ағынан жарылды

Опубликовано:

Өзіне үнемі сын тағып, теріс пікір білдірген оқырмандарынан шаршаған Алтынай Жорабаева жан сырын ақтарды. Әнші өзінің де көпшілік сияқты ет пен сүйектен жаралған пенде екенін жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Алтынай Жорабаева. Фото: www.instagram.com/altynaizhorabayeva
Алтынай Жорабаева. Фото: www.instagram.com/altynaizhorabayeva: UGC

Ағынан жарылған жазбасын әнші Instagram парақшасы арқылы жолдады.

"Адам не тапса да, ниеті мен пейілінен табады" деп көп айтатын үлкендер. Кез келген дүниеге жақсы жағынан қарап, адамдар жайлы жақсы ойлап жүрудің өзі жүректің жұмсаруына әсер етеді.

Менің парақшамды қанша адам оқитын болса, сонша ой, сонша пікір бар. Әркім ішіндегісін шығарып әлек. Іші гүлге толы жандармен қатар, күлге толылары да бар. Сол сөздердің сұрауы барын ұғынсақ етті...

Мен де жақсылығы мен кемшілігі қатар жүретін, ет пен сүйектен жаратылған пендемін.

Орамалым жоқ болса, келе алмай жүрген шығармын. Бірақ, мен орамал тақпайды екенмін деп Меккеге жалаңбас бармаймын ғой. Әр жердің жүру, киіну әдебі болады.

"Неге намазын, қажылығын жария қылады" деушілер де табылады. Желі толы жалаңаштанғандардың дәуірі болып жатқанда, жақсылықты салғанның несі айып? Өскелең ұрпақ ең болмағанда орамалды аруларды көрсін де. Маған не тілесеңіздер, Алла сіздерге еселеп қайтарсын ", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1738887-zrtty-szinen-sarsagan-altynaj-zorabaeva-agynan-zaryldy/

pixel