RU
Алматыдағы атышулы үйлену тойына 500-ге жуық қытайлықтар келмек болған (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыдағы атышулы үйлену тойына 500-ге жуық қытайлықтар келмек болған (видео)

Рассказать Вконтакте

Алматыда қытай жігіті мен қазақ қызы арасындағы үйлену тойына қатысты үлкен дау басталған болатын. Белсенділер әлеуметтік желі арқылы тойға кедергі жасамақ болып, танымал мейрамханалардың бірі екі жастың тойын өткізуден бас тартқан еді. Алайда, NUR.KZ порталының сенімді дереккөзі тойдың басқа мейрамханада өткенін хабарлады.

Көрнекі сурет: kursiv.kz

Көрнекі сурет: kursiv.kz

"Негізі, қытайлық жігіт пен қазақ қызының тойы туралы алғашқы хабарды Қытайдан келген оралмандар біліп қойған. Бұл әлеуметтік желіде тез таралып, үлкен резонанс тудырып, Алматыдағы белгілі мейрамхана тойды өткізуден бас тартты. Бұл тойдың өтуіне әсте кедергі болған жоқ. Қаладағы өзге мейрамханада екі жастың тойы жоғары деңгейде өтті", - дейді дереккөз.

Дерекөздің мәліметінше, қазақ қызын алмақ болған қытайлық жігіт қағаз шығаратын зауыт басшысының баласы.

"Қытайлықтар біздің елімізде жиырма жылдан аса уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Дәретхана қағазы мен майлықтар (салфетка) шығарады. Компания басшысының баласы қазақ қызына ғашық болып, шаңырақ көтерген. Бұл жерде қыздың да жігітке деген сезімі барын ұмытпау керек. Ол тұрмысқа өз еркімен шықты", - деп мәлімдеді дереккөз.

NUR.KZ дереккөзінің айтуынша, алғашында тойға 500-ге жуық қытайлық қонақ келеді деп жоспарланған.

Алайда, көпшілігінің құжаты дайын болмай, Алматыға жол түспеген. Сондай-ақ мұндағы қарсылық видеоларының таралып кетуі де қытайлық қонақтарды райынан қайтарса керек.

"Тойда 60-қа жуық қытайлық қонақтың болғаны рас. Олар той өткен соң қаланың көрікті жерлерін аралап, қыдырып қайтты", - дейді дереккөз.

Еске сала кетейік, қытай жігіті мен қазақ қызының тойына қатысты үлкен дау болғанын ресми тұлғалар да мойындады.

Ескерту: Материалды көшіріп басуға редакция тарапынан тыйым салынады!

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
43
4
4
7
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel