RU
Жағын сындыру керек: Қазақ жұлдыздары қытайға тұрмысқа шыққан қандасына қарсы шықты (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жағын сындыру керек: Қазақ жұлдыздары қытайға тұрмысқа шыққан қандасына қарсы шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

Күні кеше қазақ қызының қытайлық азаматқа тұрмысқа шыққаны жайлы ақпарат әлеуметтік желіде жылдам таралып, бір топ қазақстандық тойды өткізбей тастаған болатын. Осы мәселені көрген еліміздің танымал тұлғалары аралас некеге қарсы екенін білдіріп, теріс пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото-коллаж: NUR.KZ

Фото-коллаж: NUR.KZ

Олардың қатарында Сәкен Майғазиев пен Балғынбек Имаш және Мұқасан Шахзадаев бар.

Майғазиев. Фото: www.instagram.com/saken_maigaziyev

Майғазиев. Фото: www.instagram.com/saken_maigaziyev

"Сөзім жоқ. Іштен шыққан жау жаман. Аудармашы намыссыз жеңгетайдың жағын сындырар ма еді", - деді Майғазиев.
Мұқасан Шахзадаев. Фото: www.instagram.com/p/Bjx1lQwhyjD/?taken-by=mukassan

Мұқасан Шахзадаев. Фото: www.instagram.com/p/Bjx1lQwhyjD/?taken-by=mukassan

Ал Мұқасан Шахзадаев: "Қайран қазағым, ұрпағыңның осындай боларын білдің бе? Әй білмедің-ау! Білсең осыншама жерге ұрпағың үшін қаныңды төкпес едің", - деп наразы болды.
Балғынбек Имашев. Фото:www.instagram.com/p/BhL70oXl0sN/?taken-by=balgynbek_imash

Балғынбек Имашев. Фото:www.instagram.com/p/BhL70oXl0sN/?taken-by=balgynbek_imash

Елімізге белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев болса, "ұйқыдағы сорлы қазақ" деп намысы бар азаматтарды оятуға тырысты.

"Қытай. Қара қытай. Ұйқыдағы сорлы қазақ! Сорың бес елі! Намысыңа наркоз беріп ұйықтатқан. Ұятыңды ұрлаған. Тектілігіңді тонаған. Арыңды сылып, руxыңды іреп тастаған.

27 жыл бұрын Елбасымыз Тәуелсіз Қазақстан есігін айқара ашып: "Атамекенге оралыңдар, қарагөз қандастар! Көк тудың астына жинал, Исі Қазақ баласы!" - деп жар салды! Келмеді емес, келді! Қиындық көрмеді емес, көрді! Бірі маңғол, бірі қытай, бірі иран, бірі ауған, бірі түрік атанбады емес, атанды. Бірақ, олардың атамекенде дүниеге келген ендігі ұрпағын ешкім олай атамайды!

Жалпы, бөтен елден өз еліңе, кәпір елден мұсылман елге мал-дүние үшін көшпей қалу - адамға үлкен сор мен ауыр сынақтар әкеледі. "Жарқын жетіден" басқа ондағы қандастардың қамын жеп, жаны ауырған адам көрмедік", - деді ақын.

Бибігүл Тлеболдина. Фото:www.www.instagram.com/bibigul_tleboldinova

Бибігүл Тлеболдина. Фото:www.www.instagram.com/bibigul_tleboldinova

Сондай-ақ аралас некені қолдамай, өз қарсылығын білдіргендер қатарында жас айтыскер Бибігүл Тлеболдина да бар.

"Желіні күні бойы қытайға тиген қазақ қызы шулатып жатыр. Масқара, басқа ұлт өкілін қайдам, қыздарымыз қытайға тиді десе, төбе шашым тік тұрады. Мүлдем қабылдай алмаймын.

Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ. Қаншама елдің наразылығы мен қарғысына міз бақпайтын бұрымдыларға таң қалмайтын болдық бұл күні. Ал енді өзге түгіл өзіңе қимайтын қаракөздерімізді жат елге жіберіп, төс қағысып, той жасап жатқан ата-ананың тымағын аспанға лақтырып, неменеге жетісіп, қуанып жатқанын мүлдем түсіне алар емеспін.

Басыңда шымшықтың миындай ми болмаса, көрер күнің осы шығар. Қысық көздінің жетегіне ергізген құлқынның қамы намысымызды жер қылып бітті. Жарлы болса да, өз қазағыңа тиіп, үлкендердің батасын алып, қазақтың қаны таза қара домалақтарын көбейткенге не жетсін, шіркін!", - деді ол.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
0
2
6
0
76
9
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel