RU
Қазақстан билігі Ресейден құс өнімдерін тасуға тыйым салды
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстан билігі Ресейден құс өнімдерін тасуға тыйым салды

Рассказать Вконтакте

Халықаралық эпизоотиялық бюро Ресей Федерациясының аумағында Курск, Пенза және Самара облыстарында жоғары патогенді құс тұмауын тіркеді. Ақпаратқа сүйенсек, бұл жабайы құстардың көші-қоны мен жоғары патогенді құс тұмауының ықтимал қауіптерінің салдарын көрсетеді деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметі.

Қазақстан билігі Ресейден құс өнімдерін тасуға тыйым салды

Қазақстан билігі Ресейден құс өнімдерін тасуға тыйым салды

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі 2018 жылдың 21 маусымынан бастап ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру аясында Қазақстан Республикасы аумағына тірі құс еті мен инкубациялық жұмыртқа, жүн және қауырсындар, құс еті мен құстың барлық өнімдерін әкелуге тыйым салды.

Сонымен қатар, жылы өңдеуден өтпеген құстарға арналған жемшөп пен жемшөп қоспалары, таксидермилық өңделмеген аң аулау сыйлары, сондай-ақ Ресей Федерациясының аталған аймақтарынан құстарды сақтауға, кесуге арналған жабдықтарға тыйым салынды.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel