RU
Астанада бір мезетте төрт бала суға батып, мерт болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Астанада бір мезетте төрт бала суға батып, мерт болды

Рассказать Вконтакте

Астана қаласының маңында 10-12 жас аралығындағы балалар бір тәулікке жуық уақыт бойы іздестірілді деп хабарлайды ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Портал Глазей

Фото: Портал Глазей

24 маусым күні Пригородный елдімекеніндегі Нұра-Есіл арнасында жоғалып кеткен үш баланы тауып беруге көмектесу туралы ақпарат келіп түсті.

Орталықтандырылған аймақтық аэромобильді жедел-құтқару құрамасы дереу оқиға орнына аттанған болатын.

Іздеу жұмыстары тек бүгін, 25 маусымда нәтижесін берді.

"Таңертең, 05:17-де "Пригородный" тұрғын үй кешенінің маңындағы "Нұра-Есіл" арнасында 2007 жылғы екі баланың, 2006 және 2009 жылғы екі баланың денелері анықталып, судан шығарылды. Олар 24 маусым күні шомылуға арналмаған жерде суға түсіп, батып кеткен", - делінген хабарламада.

Балалар ата-ана қарауынсыз қалған.

"Ешқашан балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар! Олар лезде батып кетуі мүмкін! Тіпті суы аз жерде де жанында болыңыздар! Балаларға оларға таныс емес жерде шомылуға, жардан суға секіруге, алысқа жүзіп кетуге рұқсат бермеңіздер. Балаларыңыз жүзе алмаса, үрмелі дөңгелектерсіз суға кіруге тыйым салыңыз", - деп жазды Астана қаласының Төтенше жағдайлар департамент өкілдері.

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
5
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel