RU
Көпбалалы ана қайырымды жандар жинап берген ақшаға баспана сатып алды
Жаңалықтар Қоғам

Көпбалалы ана қайырымды жандар жинап берген ақшаға баспана сатып алды

Рассказать Вконтакте

Атырау қаласында бес баланың анасы Құрманғазы елдімекенінен өзінің отбасына үй сатып алды деп хабарлайды Мой ГОРОД порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Мой Город

Фото: Мой Город

Бір аптаға жуық уақыт бойы Самал Телеуова пәтерлерді шарламай, өзінің жеке үйінде өмір сүріп келеді. Ол өзінің оқиғасына бей-жай қарай алмаған қайырымды қазақстандықтардың арқасында баспаналы болды.

"Мен туралы мақала шыққаннан кейін банк шотыма 2,5 миллион теңгеге жуық қаражат келіп түсті. Бұл ақша өзімнің ауылымда кішігірім үй сатып алуға жеткілікті болды. Қалада бұл ақшаға мен үй сатып ала алмас едім. Оның үстіне, туыстарым да осында - Құрманғазыда өмір сүреді. Осылай балаларыма да, өзіме де дұрыс болады деп шештім", - деді көпбалалы ана.
Фото: Мой Город

Фото: Мой Город

Еске салайық, 24 жастағы жас ана Самал Телеуова күйеуі кетіп қалғаннан кейін бес баласымен жалдамалы пәтерде қалып, қиын жағдайға тап болған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel