Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұңғышы ҰБТ-дан жоғары балл жинаған Қыдырәлі көз жасын тыя алмады (фото)

Опубликовано:

Қарақат пен Қыдырәлінің тұңғышы Бекболат биылғы жылы мектеп бітірді. ҰБТ сынағынан сүрінбей өткен жұлдызды жұптың ұлы 128 баллды иемденген деп жазады NUR.KZ.

Қыдырәлі. Фото: www.instagram.com/kydyrali_bolman
Қыдырәлі. Фото: www.instagram.com/kydyrali_bolman: UGC

Бұл қуанышты жаңалықты Бекболаттың ата-анасы Instagram парақшасы арқылы бөлісіп, көпшіліктен сүйінші сұрады.

"Соңғы күндері уайымдап, Қарақатым екеуміз өте алаңдадық. Балалары мектеп бітіріп, ҰБТ тапсыратын әрбір ата-ана түсінеді мені.
Қыдырәлі Болман. Фото: www.instagram.com/kydyrali_bolman
Қыдырәлі Болман. Фото: www.instagram.com/kydyrali_bolman: UGC

Міне, бүгін Алматыдан келе салып, баламның ҰБТ-ны 128-баллмен тапсырғанын естігенде құшақтап тұрып, жас балаша жыладым.

Мейірімді Аллаға сансыз мадақ! Әр отбасына осындай бақыт тілеймін. Шын жүрегімнен осындай бақыттан ғана жылауларыңызды тілеймін. Ұзағынан сүйіндіргей", - деді Қыдырәлі Болманов.
Қыдырәлі Болман. Фото: www.instagram.com/kydyrali_bolman
Қыдырәлі Болман. Фото: www.instagram.com/kydyrali_bolman: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1738937-tgysy-bt-dan-zogary-ball-zinagan-kydyrli-kz-zasyn-tya-almady-foto/

pixel