RU
Дариға Назарбаеваның қызын келін еткен әулет туралы не білеміз?
Жаңалықтар Қоғам

Дариға Назарбаеваның қызын келін еткен әулет туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық саясаттанушы Ербол Еділов өзінің Telegram желісіндегі парақшасында Данияр Әшімбаевқа сілтеме жасай отырып Дариға Назарбаеваның қызын келін еткен әулет туралы жазба қалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Дариға Назарбаеваның қызын келін еткен әулет туралы не білеміз?

Фото: Zakon.kz
Source: UGC

Еске салсақ, Дариға Назарбаеваның 18 жастағы қызы Венера өткен сенбіде 22 жастағы Дален Шайжүнісовке тұрмысқа шықты. Олардың үйлену тойы Алматы қаласында өткен.

Той қонақтары қатарынан Геннадий Головкин, Қайрат Боранбаев және Филипп Киркоровтар секілді танымал тұлғаларды көруге болады.

Шайжүнісовтер әулеті - Қазақстанға танымал отбасылардың бірі.

Саясаттанушы Еділов Әшімбаевқа сілтеме жасай отырып, Венераның қайын жұрты туралы арнайы жазба қалдырған.

Шайжүнісов Жақия (1914–1983 жж.) - педагог, социалистік еңбек ері.

Шайжүнісов Маркен (1939 ж.т.) - Орталық комитет мәдениет бөлімінің меңгерушісі болған, Семей облыстық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, президент аппаратының мемлекеттік инспекторы, Семей қаласының әкімі қызметін атқарған.

Оның күйеу баласы Ермек Көшербаев (1965 ж.т.) - премьер-министрдің көмекшісі, ҚазМұнайгаз аппаратының жетекшісі, "Рауан Медиа Групп" АҚ бас директоры, ШҚО әкімінің бірінші орынбасары, Ауыл шаруашылығы және Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы;

Шайжүнісов Тоқан (1944 ж.т.) - «Востокказколхозстрой» тресінің басқарушысы, «Казгипроцветмет" ЖШС президенті.

*оның ұлы Сергей (1971 ж.т.) - "КазТрубпром" АҚ бас директоры, «КазПетроМашКоммерц» ЖШС;

*оның ұлы (әлде немересі) Дален (1995) - заңгер;

Шайжүнісов Сержан (1957 ж.т.) - «Казахкабель» ЖШС бас директоры, Шығыс Қазақстан қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы.

***Оның ұлы Аллен (1981 ж.т.) - Велосипед спортының вице-президенті, Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқарма төрағасының орынбасары.

Сіздің реакцияңыз
7
4
1
1
2
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel