RU
Немересінің үйлену тойына үй сыйламақ болған зейнеткер банк тонады
Жаңалықтар Әлемде

Немересінің үйлену тойына үй сыйламақ болған зейнеткер банк тонады

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Лининград облысының Кириши қаласында ерекше оқиға орын алды. 70 жастағы зейнеткер әже немересінің тойына пәтер сыйлаймын деп, банк тонамақ болған. Ол бұл "операцияға" құрбысының немересі мен бенк қызметкерін тартқан деп хабарлайды eg.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: eg.ru

Фото: eg.ru

Басылымның мәліметінше қария немересінің тойына Санкт-Петербург қаласынан пәтер сыйлауды бұрыннан армандаған екен. Бұл мақсатта әжейдің банкте тіпті жинаған 500 мың рубль көлеміндегі қаражаты да болыпты. Алайда аталған қомақты қаржыны жеткіліксіз деп есептеген зейнеткер, банктегі өз ақшасын тонатып, артынша одан өтемақы өндіріп алмақ екен.

Бұл үшін ол тіпті арнайы сыбайластарды да тауыпты. Ол өз құрбысының немересі мен банктегі жалғызбасты анаға аталған операцияны жүзеге асыруға көндіріп, кейін "ақшасын беремін" деген. Осылайша, зейнеткердің сыбайластары ұрлықты ұйымдастырып, көп көлемдегі ақшаны банктен ұрлап әкеткен көрінеді.

Алайда "ақша ұрлау" операциясының соңы сәтті аяқталмаған екен. Қаржыны банктен әкеткен қарақшы жол-жөнекей таныстарын кездестіріп, оларға болған жайтты баяндап берген. Нәтижесінде олар полицейлерге хабарласып, оқиғаны бастан-аяқ әңгімелеп берген.

Қазіргі таңда аталған қылмысқа қатысы бар үш азамат та үй қамауында отыр екен. Егер айыптаушы тарап зейнеткер мен оның сыбайластарын кінәлі деп тапса, олардың үшеуі де жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel