RU
Түркістанда тойхананың жанынан салынып жатқан мектеп Сағынтаевтың күлкісін келтірді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Түркістанда тойхананың жанынан салынып жатқан мектеп Сағынтаевтың күлкісін келтірді (видео)

Рассказать Вконтакте

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Түркістан облысындағы тойхана жанынан салынып жатқан мектептерді көріп таңданысын жасыра алмады деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Скриншот видеодан алынды

Скриншот видеодан алынды

Жұмыс сапары барысымен рухани астанаға ат басын бұрған премьер-министр "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан "Отырар" жаңа ауданы мен Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік лицейіне бас сұқты.

Жаңадан құрылған облыс орталығындағы құрылыс жұмыстарын Жансейіт Түймебаевтың өзі үкімет басшына таныстырды. Өңір басшысының сөзінше, Түркістан қаласындағы шағын аудандардың бірінде мүгедек балаларға арналған 300 орындық мектеп-интернатының құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Бұл жерде мектеп бар. Қасында жатақханасы соғылып жатыр. Ал мына жерде тойхана болады", - дейді Жансейіт Түймебаев Сағынтаевқа.

Түймебаев таныстырған құрылыстың жобасымен танысқан премьер Түркістан облысындағы тойхана жанынан салынған мектептерді көріп таңданысын жасыра алмады.

Тіпті Сағынтаев мырза өз сөзінде "мектепті соғып, бірден тойханаға кіруге болады" деп Түймебаевқа сынайы күлді.

Еске салайық, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысына өзгертіліп, оның орталығы ретінде Түркістан қаласы бекітілді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
3
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel