Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енеcінің көңілінен шығу үшін келіндер не істеу керек?

Опубликовано:

Өзге шаңырақтың босағасынан аттап, ақ келін атанатын әр бойжеткенді бір сұрақ мазалайды. "Енемнің көңілінен қалай шығамын?" деп алаңдаған аруларға арналған кеңестер тізімін ұсынамыз. Барған жеріне тастай батып, судай сіңіп кеткісі келетін аруларға арналған кеңестерді comode.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: boz.kz
Фото: boz.kz: UGC

Қателік енесін қас жауындай көретін келінде ме? Әлде шаңыраққа түскен жас келінді қызындай көрмейтін енеде ме? Бұл сұрақтардың жауабын төмендегі жазба арқылы саралай аласыз.

1) Ерте тұрып, таңғы астың иісін бұрқыратқан келінді кез-келген ақжаулықты жақсы көреді.

Себебі, енелер үшін келін - асхананың ханшайымы, иесі. Асүйдегі ыдыс -аяқтарыңыздың таза әрі өз орнында жинақы тұруы да маңызды.

2) Күйеуіңізге анасының көзінше ешқашан сөз қайтармаңыз

Еріңізді анаңыздың көзінше жерден алып, жер салғаннан пайда таппайсыз. Араңыздағы ұрыс-керісті өз бөлмеңізден асырмағаныңыз жөн.

Фото: IVEST.Kz
Фото: IVEST.Kz: UGC

3) Ешқашан еріңізді енеңізге жамандамаңыз

"Кірпі баласын жұмсағым, қарға баласын аппағым" деп жақсы көргендей ана үшін өз баласы мінсіз. Сондай мінсіз ұлының абыройына дақ түсіріп, анасына өкпе-назды айту арқылы енеңізді жау етіп алу қауіпі бар.

4) Отбасылық кеңес кезінде орынсыз кіріспеңіз

Қанша білімді, сауатты, тәжірбиелі болсаңыз да отбасылық жиналыс кезінде келін екеніңізді ұмытпаңыз. Сіздің данышпандылық танытып, тығырықтан шығар жолды көрсетуіңіз үлкендерге аса ұнамасы анық.

5) Сыйлықтың бағасы емес, ниеті маңызды

Адам есейген сайын бала секілді көңілшең болады. Оларға қымбат сыйлық әперу үшін жылдап ақша жинау қажет емес. Қолыңыздан келсе орамалыңызды, тәттілеріңізді, кейде күміс сырға-білезікті күйеуіңіздің жәннатына сыйлауды ұмытпаңыз. Сыйлық – араларыңыздағы махаббатты ұлғайтады.

Фото: "Келинка Сабинка" фильмінен кадр
Фото: "Келинка Сабинка" фильмінен кадр: UGC

6)Айлығыңыздан 5 000-10 000 теңге ұстатып қойыңыз

Шамаңыз келсе айлығыңыздың үлкендерге жинауға беріп қойыңыз. Бұл сөзсіз, сіздің "супер келін" екендігіңіздің дәлелі болмақ. Әрине, айлығыңыздың 100% берудің еш қажеті жоқ. 50-60% ақшаңызды толық айлығымды деп алдап берсеңізде болады. Өйткені, әр әйел өз несібесін өзінің дамуына жұмсауы қажет. Ал, мұндай тәуекелге бара алмасаңыз екі-үш айда бір рет "бастығымыздың мерекеге берген қосымша ақшасы" немесе "Өзіңізге қажет нәрселер алыңыз" деп марапаттап қойыңыз. Ақша көрсе, періште де жол таяды.

7) Ешқашан барған жердің мәселесін төркінге тасымалдаушы болмаңыз

Бұл тек ата-енеңізбен жақсы тіл табысу үшін, өзіңіздің отбасыңыздың берекесін сақтау үшін үлкен көмек болмақ. Тіпті, төркін былай тұрсын, еріңізбен болған қиындықтар мен сынақтарды, шешемі қиын мәселерді ешқашан екі жақтың да ата-анасына білдірмеуге, естіртпеуге, сездірмеуге тырысыңыз. Күйеуіңізбен болған әр мәселені өзара оң шешу сіздердің махаббаттарыңыздың ұлғаюына себеп болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1738962-enecini-kilinen-sygu-sin-kelinder-ne-isteu-kerek/

pixel