RU
"Әкем өлді": Талдықорғандық сержант демалыс алу үшін өтірік айтқан
Жаңалықтар Қоғам

"Әкем өлді": Талдықорғандық сержант демалыс алу үшін өтірік айтқан

Рассказать Вконтакте

Талдықорғандағы әскери сот заңсыз он күн демалыс алған әскери қызметкерге қызметтен жалтарды деген айып тағып, үкім шығарды. Бұл туралы Sputnik Kazakhstan агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: www.inform.kz

Фото: www.inform.kz

Мамырдың басында сержант әскери қызметтен уақытша босағысы келіп, демалыс алмақ болады. Әкесі қайтыс болғаны туралы рапорт жазғаннан кейін оған отбасылық жағдайына байланысты он күн демалыс белгіленеді. Алайда тексеріс кезінде әкесінің аман-сау екені анықталған.

Қылмыстық іс бір айдан кейін Талдықорған гарнизонының әскери сотында қаралды. Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамға "алдау жолымен әскери қызметтен жалтарды" деген айып тағылды.

Сот әскери қызметкерді кінәлі деп таныды. Енді ол 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 120 мың теңгеден астам айыппұлды төлеуі керек болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
1
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel