Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жас келіннің етегін көтеріп, отпен аластағандардың әрекеті елдің таңданысын тудырды

Опубликовано:

Жас келіннің етегін көтеріп, отпен аластағандар көпшіліктің таңданысын тудырды. Желі қолданушыларының айтуынша, оқиға Маңғыстау өңірінде болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: www.caravan.kz
Фото: www.caravan.kz: UGC

Видеода жас келінді адыраспанның түтінінімен аластай бастаған. Босаға аттаған келіншектің бетін, белін отпен аластаған сәтте, тағы бір келін келіп, отқа қолын бұлғап, бетін сипайды. Ал жанында әйел оның етегін ашып аластаған.

Мұндай салтты бірінші рет көрген өзге өңірдің тұрғындары таңданысын жасыра алмады.

"Құдай сақтасын. Қанша жыл өмірімде мынадайды алғаш рет көріп тұрмын", "Отпен аластағанды көргенмін. Алайда етегін ашқанда көрмеппін", "Асыра сілтеп жіберіпті".

"Әдетте жас келінді отқа май тамызып кіргізеді ғой. Оның негізі мақсаты майдай сіңіп кетсін дейді", "Мен жаңа ғана не көрдім? Күнде бірнәрсе шығарасыңдар осы" деді оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1738975-zas-kelinni-etegin-kterip-otpen-alastagandardy-reketi-eldi-tadanysyn-tudyrdy/

pixel