RU
"Қып-қызыл жала": Қыдырәлі Болманов өздерін айыптаған қолөнершіге жауап берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Қып-қызыл жала": Қыдырәлі Болманов өздерін айыптаған қолөнершіге жауап берді

Рассказать Вконтакте

Қыдырәлі Болманов мен Қарақат Әбілдина "Алтын Орда" халықаралық қолөнершілер академиясының ғимаратын тартып алды деп өздерін айыптап отырған белгілі қолөнерші Ырза Тұрсынзадаға жақын арада жауап бермек. Бұл туралы жұлдызды жұп желілде хабардар етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Қыдырәлі Болмановтың сөзінше, арадағы қолөнершімен істің ақ-қарасын ашық айтатын күн алыс емес екен.

"Құрметті БАҚ өкілдері және әлеуметтік желі қолданушылары! Бізге қатысты шудың желі тез көтерілуде. Бұл қып-қызыл жала! Ішінде қаңбақ сөз де, ғайбат сөз де өте көп. Ырза Тұрсынзада апайымызбен арадағы істің ақ-қарасын ашық айтатын күн алыс емес", — деп жазды продюсер Instagram-дағы жеке парақшасында.

Еске сала кетейік, белгілі этнодизайнер Ырза Тұрсынзада журналистерді жинап, жұлдызды жұпты он жылдан бері жалға алып отырған коттеджін тартып алды деп айыптаған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
2
0
0
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel